19 мам, 2026 сағат 17:11

Түркістанда бір сыныптан екі үздік шықты: екеуі де ҰБТ-дан 140 балл жинап, бір бағытты таңдады

Фото: ашық дереккөз

Түркістан қаласында ерекше жетістік тіркелді. Бір сыныптың екі оқушысы Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары – 140 балл жинады, деп хабарлайды Ult.kz.

16 мамыр күні «TULGA SCHOOL» жекеменшік мектебінің 11 «Д» сынып оқушылары Айсұлтан Жаңбырбай мен Жасур Нышанбаев ҰБТ-да үздік нәтиже көрсетіп, толық 140 баллға қол жеткізді.

Екі талапкердің ортақ тұсы көп: олар бір сыныпта оқыған, бірдей бейіндік пәндерді таңдаған және болашақ мамандық бағыттары да ұқсас. ҰБТ барысында олар Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерінен сынақ тапсырып, ағылшын тілінен халықаралық IELTS емтиханында 6,5 балл иеленген.

Қос түлектің де таңдауы – Мақсұт Нәрікбаев атындағы университет. Олар алдағы уақытта аударма ісі мамандығын меңгеріп, халықаралық деңгейде жұмыс істеуді мақсат етеді.