Фото: ашқы дереккөз
Жетісу облысында мемлекеттік қызметші құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Қадағалау органының мәліметінше, мемлекеттік орган қызметкері заңмен тыйым салынған шектеулерді елемей, құмар ойындарға тұрақты түрде қатысып келгені анықталған.
Аталған дерек Ақсу ауданының прокуратурасы жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын талдау барысында белгілі болған.
Прокурорлық тексерістен кейін тәртіптік іс қаралып, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтірген әрекеті үшін қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Облыс прокуратурасы мемлекеттік қызметте әдеп нормалары мен заң талаптарын сақтау міндетті екенін атап өтіп, олардың бұзылуы тиісті құқықтық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.
