19 мам, 2026 сағат 14:19

Қызметке тағайындалғанына үш ай болған: СҚО-да ауыл әкімі қаза тапты

Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданындағы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смаилов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оның өзіне қол жұмсауы мүмкін екені айтылуда.

Ерлан Смаилов бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Бұған дейін ол “Майское-Агро” ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарған.

Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.