02 сәу, 2017 сағат 15:59

Жайық өзенінен 160 келілік қортпа балығы ауланды

Көктемнің алғашқы күнінде Жайық-Каспий бассейнінде балықшылардың қармағына салмағы 160 келілік қортпа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Амангелді атындағы өндірістік кооперативтің балықшылары табиғи ортада жойылып бара жатқан қортпа балықты аулап алды. Ол Жайық өзенінің Кіші Дамба учаскесінде торға түсті. Уылдырықты екен, ол бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсірумен айналысатын Жайық-Атырау балық өсіру зауытына жіберілді», - деп хабарлайды Атырау облыстық жануарлар әлемі мен орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Еске сала кетейік, қортпа Жайықта соңғы рет 2015 жылы ауланған еді.