13 мау, 2022 сағат 14:58

Жаңа облыстардың тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет пе – министр жауабы

© Sputnik / Владислав Воднев

Жаңа өңірлер – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарының тұрғындарына қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер жаңа облыстардың тұрғындары мен заңды тұлғалар қайта тіркеуден өтуі керек пе деп сұрады.

"Қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ", - деп қысқа қайырды Қуантыров.

Министрдің орынбасары Бауыржан Омарбеков құжатты жоғалтқан немесе жаңартқан кезде, сондай-ақ басқа жерге қоныс аударғанда жаңа мекенжай жазылатынын атап өтті.

"Ал қазір ұстап жүрген құжаттар жарамды, қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ", - деп толықтырды вице-министр.

8 маусымда Президенттің үш облыс құру туралы жарлығы күшіне енді.

Ал өткен демалыста мемлекет басшысы жаңа облыстардың әкімдерін тағайындады:

  • Ұлытау облысының әкімі – Берік Әбдіғалиұлы,
  • Абай облысының әкімі – Нұрлан Ұранхаев;
  • Жетісу облысының әкімі – Бейбіт Исабаев.