30 қаз, 2023 сағат 12:43

Жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді - метеорологтар

Фото: wirestock/Freepik

Синоптиктер 31 қазан - 2 қараша аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Өткен апта еліміздің солтүстік аймақтарында шынымен қыс мезгілі байқалды, қар жауды, ауаның орташа тәуліктік температурасы нөлдік белгіден төмен болды. Алайда жаңа аптада синоптикалық жағдай өзгереді. Атлантикалық циклондар қатары жылу әкеледі, ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуінен кейін жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады" - делінген хабарламада.

Метеорологтар мәліметінше, күндізгі ауа температурасы батыста 12-20 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 5-10 градус жылыға дейін, ал еліміздің шығысы мен оңтүстігінде суық фронттың өтуімен түнде 0-5 градус жылыға дейін, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 2-7 градус аязға дейін, күндіз 10-15 градус, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 0-5 градус жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.