11 ақп, 2017 сағат 10:00

Жақиянов WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды (Видео)

Американың Толедо қаласында WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов пен америкалық Роуши Уоррен әлем чемпионы титулы үшін таласты. 12 раундтан тұрған кездесу қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірақ отандасымыз жекпе-жекті сәтсіз бастады. Ол алғашқы раундта екі рет нокдаунға түсті. Ал қалған раундтарда ZZ (Жақияновтың рингтегі лақап есімі ) қарсыласын біраз соққыға жықты. Судьяның шешімімен есеп 111-115/115-111/116-110 болды.

Айта кетейік, жекпе-жектің мұндай нәтижесі комментатор мен көрермендермен қатар, жеңімпаздың өзі мен бапкеріне - Рикки Хаттонға күтпеген жағдай болды. Осыған дейін сарапшылар қазақстандық тарап жеңіліске ұшырайды деп айтқан екен.

"Профи Бокс Казахстана" басылымының мәліметінше, қазақстандық боксшымыздың қаламақысы - 30 мың доллар. Ал Уоррен болса осы жекпе-жекке 150 мың доллар қойған екен.

Еске сала кетейік, 9 ақпанда Жанат Жақиянов және Роуши Уоррен жекпе-жек алдында көз арбасқан болатын. 

kaz.tengrinews.kz