Фото: instagram.com/step_notsleep
Степногорск қаласындағы зергерлік бұйымдар дүкенін тонағандар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды.
1 мамырда Степногорск қаласында белгісіз біреулер жертөлені ойып, дүкенге кіріп, жалпы құны 180 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдарды ұрлаған.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді" - делінген хабарламада.
Нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталған. Олар - 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары. Заттай дәлелдемелер алынып, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленген.
Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.