26 сәу, 2023 сағат 17:11

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы өз өмірі үшін кімнен қауіптенетінін айтты

видеодан алынған кадр

Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов танымал журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында берген сұхбатында кімнен қорқатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол өзіне қасақана қастандық жасалса, кімді кінәлауы мүмкін екенін жасырмады.

"Әкеме тапсырыс берген адам. Оны бәріміз білеміз. Мен кетсем де, халық сұрайды. Назарбаевтың (несінен) қорқамын. Сол жақтан шығуы мүмкін. Айтамын. Қорқып тұрған жоқпын ол жағынан. Бәрі біледі оны. Кейбіреулер айта ала ма, айтпай ма. Мен айттым. Сол жақтан шығады", - деді ол.

Қайрат Нұрқаділов суицид жасамайтынын, қандай да бір жағдай болса, халық оған сенбеуі керек екенін жеткізді.

"Жоқ. Револьверім де жоқ. Жоқ (өз-өзімді атуым мүмкін емес - еск.). Сенбеңдер (cуицид жасайтыныма - еск.). Құдай қаласа, 30 жылдай тұруым керек. 80-нен асып, одан кейін көре жатармыз", - деді Қайрат Нұрқаділов.