05 мам, 2026 сағат 11:58

ТЖМ күштері «Казцинк» кәсіпорнындағы өртті толығымен сөндірді


Фото: ТЖМ
ТЖМ күштері «Казцинк» кәсіпорнындағы өртті толығымен сөндірді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Құрылымдарды бөлшектеу және зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау орталығының базасында жедел штаб құрылды.
Жағдай ТЖМ бақылауында", делінген хабарламада.


Айта кетейік, «Қазцинк» кәсіпорнының Өскемендегі өндірістік аумағында шаң ұстайтын құрылғы жарылып, соның салдарынан өрт шықты. Зардап шеккендер бар. 

Премьер-министр Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алғанын мәлімдеді

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов та оқиға орнына барғанын және жағдайды жеке бақылауына алғанын мәлімдеді