06 қыр, 2024 сағат 16:42

Украинадағы соғыстың 924 күні: Зеленский одақтастарынан көмекті жеделдетуге шақырды

фото: izvestia.kiev.ua

Бүгін Ресейдің Украина териториясына басып кіргеніне 924 күн болды. Ал ҚР Украинадағы елшілік Қазақстан азаматтарына Украина аумағынан кетуге кеңес берді. 

Ведомствоның хабарлауынша мұндай ұсыныс Украинадағы өсіп келе жатқан шиеленіске байланысты және қауіпсіздік мақсатында айтылып отыр. ULT.KZ тілшісі Украинадағы қазіргі ахуалға шолу жасады.

Зеленский әуе қорғанысы күштерінің жетіспеушілігін айтып дабыл қақты

6 қыркүйекте Украина президенті Халықаралық одақтастарды өмірлік маңызды көмектің "айтарлықтай" жетіспейтінін айтып, уәде етілген әуе қорғанысын жеткізуді жеделдетуге шақырды. 

Германиядағы Рамштейн әуе базасында Украинаның қорғаныс жөніндегі байланыс тобының 24-ші кездесуінің ашылуында сөйлеген сөзінде Зеленский бұл қару-жарақ жүйелері Ресей әскерлерін бөгеу үшін қажет деп мәлімдеді.

Беларусь әуесін дрондар бұзып өткені хабарланды

Беларусь қорғаныс министрлігі Беларусь шекарасын дрондар бұзып өткенін мәлімдеді

«6 қыркүйекке қараған түрі Беларусь Республикасының әуе кеңістігіндегі мемлекеттік шекарасын пилотсыз ұшу аппараттарымен бұзу фактісі тіркелді. Оларды жою туралы шешім қабылданды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бойынша кезекші күштердің уақтылы әрекеттерімен барлық бұзушы мақсаттар жойылды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізілуде», -деп мәлімдеді Беларусь Бас штаб бастығы — Әуе күштері мен Әуе қорғанысы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, полковник Сергей Фролов.


Полтавада 50-ден аса адам қаза тапты

3 қыркүйекте Украинаның Полтава қаласындағы әскери оқу орнына Ресейдің зымыраны түсіп, 50-ден астам адам қаза тауып, үш жүзден артық адам жараланды. Осыған байланысты елде қаралы күн жарияланды. Украинаның Құрлық әскері шабуыл кезінде әскери қызметшілер де қаза тапқанын растады. Ал УР Қорғаныс Министрлігінің мәлімдеуінше әуе дабылы жарияланғаннан кейін адамдар бомбадан қорғану орындарына жете алмаған.

«Ресейдің қоқысы» шабуыл үшін жауап береді!» -деп уәде берді мемлекет басшысы Владимир Зеленский.


Сонымен қатар, президент Украина ұзақ қашықтықтағы зымырандарды қолдана отырып, шабуылдар жасау арқылы өзін қорғай алатындай әуе қорғанысын күшейтуге шақырды.

Ал Мәскеу шабуылға түсініктеме берген жоқ.

78 дронның 60-ын атып түсірді

Украинаның әуе күштері түнгі шабуыл кезінде Ресей ұшырған 78 дрондың 60-ын атып түсірді деп мәлімдеді. Олар Ресей бомбалау кезінде бір "Искандер-М " баллистикалық зымыранын да қолданғанын айтты.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ РЕСМИ САПАРМЕН МОҢҒОЛИЯҒА БАРДЫ

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков шекаралас аймақтың оңтүстігінде Ресейдің Шебекино қаласына украин әскерлері оқ жаудырған кезде бір бейбіт тұрғын қаза тапқанын хабарлады.

Ал Украина әуе күштерінің Бас қолбасшысы Александр Сырский CNN жаңалықтар арнасына Киевтің Ресейдің Оңтүстік Курск облысына басып кіруі сәтті болғанын және Шығыс майданның негізгі бөлігінде Ресей әскерлері алты күн бойы алға жылжымағанын айтты.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин:

«Украинаға басып кіру Донбасстағы Ресейдің ілгерілеуін бәсеңдете алмады», -деп мәлімдеді.


Оның сөзінше Ресейдің толыққанды шабуылының "басты" мақсаты - Донбассты бақылауға алу.

Украина Ресейдің ықтимал шабуылынан қауіптеніп, Донецкінің шығысындағы Покровск қаласынан тұрғындарды эвакуациялауы керек пойызды тоқтатты. Ресей әскерлері қаладан 10 шақырым қашықтықта орналасқандықтан, шенеуніктер сол жерде тұратын 27000 адамды қаладан кетуге шақырады.

Путин Украинамен ықтимал бейбіт келіссөздерге делдал бола алатын елдерді атады

Путин Қытай, Үндістан және Бразилия Украина бойынша ықтимал бейбіт келіссөздерге делдал бола алады және соғыстың алғашқы апталарында Ресей мен украин келіссөздері арасында жасалған алдын-ала келісім келіссөздерге негіз бола алады деп мәлімдеді.

Украина Үкіметінде ауыс-түйіс болды

Украина парламенті 2022 жылы соғыс басталғалы бері алғаш рет  Үкіметте шенеуніктердің қызметін өзгертуді мақұлдады. 

Бұрынғы дипломат және Украина президенті Владимир Зеленскийдің бұрынғы кеңесшісі 49 жастағы Андрей Сибига сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Одан бөлек, реформа кезінде тоғыз жаңа министр билікке келді.

Айта кетейік, ауыс-түйіс бірнеше ай бойы күтілген болатын. Өйткені президент кабинетінде бірқатар отставкалар мен жұмыстан босатулар болып, алайда кабинет бұрынғыша жұмыс істеп келген.  

Қазақстанды паналаған Ресей офицері 6 жылға сотталды

Ресей билігі Украинадағы соғысқа қатыспау үшін әскерден қашып Қазақстанда тұрып жатқан офицер Камил Касимовты алты жылға бас бостандығынан айырылды.  Ресейдің әскери қызметкері келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүріп, соғысқа қатыспау мақсатында Қазақстанға қашып келген. Оның Қазақстанда болғанына қарамастан, сәуір айында ұсталып, Ресейге қайтарылған.

Касимовке Ресейдің Қылмыстық кодексінің "Әскери қызметтен жалтару мақсатында бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету" бабы бойынша айып тағылып, соттың шешімімен алты жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. 

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНА УКРАИНА АУМАҒЫНАН КЕТУГЕ КЕҢЕС БЕРІЛДІ