Фото: HuffPost
Ult.kz-те жиһанкез журналист Динара Болаттың өзге пайымы
Қала тұрғындарында шаршау көп. Оны әлеуметтік желі қолданушыларының жазбаларынан байқауға болады.
Қалалық өмір жастарға, жас отбасыға көптеген мүмкіндіктер бергенімен, оның адамға үлкен психологиялық салмағы да бар. Қала тұрғындары жиі тыныштықты немесе жалғыздықты аңсайды. Себебі қалада ауылмен салыстырғанда ақпарат, шу өте көп. Күн сайын адам жарнама, әлеуметтік желілер, жаңалықтар мен түрлі дыбыстар, сонымен қатар көлік кептелісі, көшелердің шуы, қаладағы өмірдің жоғары талаптары мен мобильдігі жүйке жүйесін шаршатады, адамды күнделікті қысымда ұстайды.
Ал ауыл адамдарында керісінше зәулім ғимараттарсыз ашық кеңістік пен таза ауа бар. Сонымен бірге ауылда адамдар арасындағы қарым-қатынас тұрақты, туыс, көрші, ұжым, дос-жаран тығыз байланыста. Мұндай қауымдастықтың ішінде адам өзін жалғыз сезініп үлгермейді. Ауыл халқы табиғатқа жақын өмір сүреді. Ауылда ақпараттық жүктеме аз, әрі өмір ырғағы баяу. Күн де ұзақ.
Әрине қала тұрғындарына психологиялық қысымды азайту үшін қайта ауылға көшіп кету шешім емес.
Қалалық өмірдің шаршауын азайту үшін табиғатта жиі серуендеу, телефонсыз күн немесе бірнеше сағат өткізіп, ақпараттық үзіліс жасау қажет. Бір кез тыныштыққа, сүйікті ісіне, ұмыт қалған қызығушылыққа бет бұрып, кездесуге, көңіл бөлуге қолы тимей елеусіз қалдырған қымбат адамдарына уақыт арнау маңызды. Мұндай қарапайым әрекеттер адамға қаланың қарқынына қарамастан ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Өзінің үлкен қаладағы арпалыстың кезекті құрбан емес, толыққанды өмір иесі сезінуге жол ашады.
Пайым
Әрине қаладағы қарбалас қажытады. Алайда қаланың даму жолына түскен жандарға мүмкіндік көп. Тың идеялар, озық үлгілер, жаңашылдықтар. Қалалық орта адамның көкжиегін кеңейтіп, тұлға ретінде өзін түрлі бағытта іске асыруына жол ашады. Сол себепті қаладан шаршаған кезде шаршауды басудың амалдарын тауып, тоқтап, аптығын басып алып, кезінде армандаған бақытты өмірді сүріп жатқандығын түсініп, ауқым мен ішкі тепе-теңдіктің үйлесім жолын тапқан дұрыс.
Динара Болат
