Украинада Голливуд актрисасы Анджелина Джоли жартысын жеген круассан сатылымға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
Евгений есімді украиналық тұрғын круассанды сатылымға қойған. Оның айтуынша, Анджелина Джоли 30 сәуірде Львовқа келген кезде дәмханада круассанның жартысын жеген. Желіде жарнаманың скриншоты жарияланды.
Суреттегі жазбаға қарағанда, сатушы Голливуд жұлдызы кірген мекемеде тазалықшы болып жұмыс істейді. Ол жартылай желінген нан өнімі үшін миллион гривен (шамамен 15 миллион теңге) сұраған және саудаласуға болатынын жазған.
Кафе қызметкерлерінің айтуынша, Анджелина Джоли "Королевский" круассаны, лосось және моцарелла қосылған круассан, сондай-ақ капучино алған.
Еске салайық, бұған дейін Голливуд актрисасы Анджелина Джоли Украинаға келгені хабарланған болатын.