Фото: Ашық дереккөз
Белгілі блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желіде мереке күндері шағын кәсіппен айналысатын адамдарды қолдау керектігін айтып, өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол желі қолданушыларын гүл немесе «клубника в шоколаде» секілді өнімдерді сатып, табыс табуға тырысатын жандарды келеке етпеуге шақырды.
«Неге біз “гүл сатпағандар, клубника в шоколаде сатпағандар қол көтерсін” деп біреуді мазақ қылуға дайын тұрамыз? Адамдар адал еңбегімен жұмыс істеп жатыр. Иә, бәсеке көп болуы мүмкін, бірақ соның арқасында біз де өнімді тиімді бағада алып отырмыз ғой. Әркім еңбегінің жемісін көрсін. Еңбек етіп жүрген әр адамға Құдай жар болсын деп тілеудің өзі бізге қиын болып бара жатқандай», – деп жазды блогер.
Желі қолданушыларының көпшілігі оның пікірін қолдап, адал еңбекпен табыс табуға тырысатындарды сынаудың дұрыс емес екенін айтты.
«Дұрыс айтасыз, қолынан келсе істеп, сатсын», «Сатса несі айып? Күлетіндер – өздері», «Өте дұрыс айтасың, Ырысбала», – деп жазды пікір қалдырушылар.
