24 сәу, 2026 сағат 12:17

Талдықорғанда 4 жастағы бала клиникада құлап, ауыр жараланды


Фото: gov.kz


Талдықорғанда жеке медициналық мекемеде төрт жасар бала екінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.


Оқиға клиниканың баспалдағында болған. Қоршаусыз қалған аумақтан құлаған бала ми жарақатын алып, шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған ота жасап, жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Алдын ала дерек бойынша, баспалдақ маңында қауіпсіздік талаптары сақталмаған: толыққанды қоршау болмаған, тек тұтқалар орнатылған.


Оқиғадан кейін мекемеде шұғыл өзгерістер енгізіліп, қауіпті жерлерге қосымша тосқауылдар қойылған.


Полиция аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы бабы бойынша қаралуда.