24 мау, 2022 сағат 16:35

Президент шахматшы Малика Зиядинді құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады.

"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін", - деп жазылған Президенттің құттықтау хатында.

Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.