23 мау, 2022 сағат 10:16

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді құттықтады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-парақшасында жазды. 

"Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады", - деп жазды Тоқаев.

Ол Жаңа Қазақстанды құру ісінде мемқызметкерлерге ерекше міндет жүктелетінін айтты.

"Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз - адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін", - деді Президент.