Фото: РИА Новости
Ресейлік тележүргізуші, «Газпром-медиа» холдингінің бас директорының орынбасары Тина Канделаки Еуроодақтың санкция тізіміне енді. Онымен бірге әнші Лариса Долина да осы тізімге қосылды, деп хабарлайды Ult.kz.
«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, Канделаки мен Долина Еуроодақтың жеке санкцияларының нысаны болған 16 ресейлік азаматтың қатарында. Бұл шектеулер Еуропа кеңесі бүгін ресми түрде мақұлдаған 15-санкциялық пакет аясында енгізілді.
Санкцияларға сәйкес, Еуроодақ аумағына кіруге және оның аумағында саяхат жасауға толық тыйым салынады, сондай-ақ еуропалық банктердегі есепшоттары бұғатталып, кез келген қаржылық қатынастарға жол берілмейді.
Қазақстанға тіл тигізген ресейлік журналист Тина Канделакидің Қазақстанға кіруіне СІМ биыл жыл басында тыйым салған.