14 сәу, 2018 сағат 13:02

Сирияға жасалған зымыран соққыларының видеосы

АҚШ, Ұлыбритания және Франция әскерилерінің Сирияға жасаған соққыларының алғашқы видеолары мен суреттері әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлады РИА Новости.  

Бүгін түнде үш мемлекеттің ұшақтары мен кемелері жүзден аса зымыранды тастады. Коалициядағылардың мәліметінше, соққылардың басты нысаны "химиялық қаруды өндіру және зерттеу орталықтары" болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, үш адам зардап шекті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың химиялық қарумен байланысты сириялық нысандарды атқылауға бұйрық бергені хабарланған болатын.