23 мам, 2023 сағат 10:36

Шымкентте итін көлікпен сүйреген жүргізуші анықталды - видео


Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне итті байлап алғаны түсірілген видеоға назар аударды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" POLICE_of_KZ Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары "Қорғау" қосымшасы көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтаған.

"Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды.

Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған", - делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.