04 там, 2022 сағат 09:50

Шымкентте 1,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жасағандар сотталды


Шымкентте үш тұрғын жалған шот-фактура жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаментімен жалпы сомасы 1,5 млрд теңгені құрайтын жалған шот-фактура жазумен айналысқан азаматтар М.А.Ажибаевқа, А.О.Акыновқа және А.Ақынға қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жолданған.

Сот үкіміне сәйкес, аталған тұлғалар кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкі тәркіленумен кәсіпкерлік және қаржылық қызметімен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айырылды. Сондай-ақ оларға 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар сотталғандардың бірінің атына тіркелген Toyota маркалы автокөлік тәркіленіп мемлекет меншігіне өткізілді.