#
#
Cәрсенбі 28/10/2020

Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды

  • 16.10.2020
  • 0
  • 140

Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров экс-президент Сооронбай Жээнбеков туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Кабар агенттігі.

Қырғыз үкіметі аппаратының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің хабарлауынша, «Қырғыз Президенті қызметінің кепілдіктері және Қырғыз экс-президентінің мәртебесі туралы» заңға сәйкес Қырғызстанның экс-президентіне қатысты заңнамада көзделген барлық нормалар сақталады. 

Бұл Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Еске салсақ, Қырғыстан Премьер-министрі Садыр Жапаров өзін президент міндетін атқарушы ретінде жариялады.

15 қазан күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елде қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайға байланысты ел халқына үндеу жасады.

Ол үндеуде отставкаға кету жөнінде шешім қабылдағанын айтты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар