Динара Сәдуақасова Президентке өзінің «Шахмат ойнап үйренейік» атты кітабын сыйға тартты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" БОРТ №1 Telegram каналына сілтеме жасап.
Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазан айында Республика күнін мерекелеуге орай елордада шахмат турнирін ұйымдастыру жоспары туралы айтып берді.
Ал Жансая Әбдімәлік елімізде шахмат спортын дамыту және шахмат пен IT технологияны тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ашу жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшелерімен және шахмат федерациясының өкілдерімен кездескенін хабарлаған едік.