06 мау, 2022 сағат 21:14

Президент: Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінен нақты өзгерістер күтеді


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына жасаған үндеуінде құқық қорғау және сот жүйесінде реформалар жүргізілетінін айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Біз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін кешенді күшейту жөніндегі бағытымызды жалғастырамыз. Құқықтық реформа аясында Конституциялық сот қайта құрылады. Азаматтар осы өте маңызды институт қызметінің пайдасын сезінуі үшін оның қаулысына жедел әрекет ету тетігін енгізу қажет.

Жаңа әділетті Қазақстанда полиция бассыздығына, біліксіз прокурорларға және әділетсіз судьяларға орын болмауы керек. Қоғам құқық қорғау және сот жүйесінен нақты өзгерістер күтеді. Осы және ел дамуының басқа да мәселелері бойынша нақты шешімдерді биыл қыркүйекте Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында ұсынамын", - деді Мемлекет басшысы.