Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын 20 сәуір күні барлық ядролық-ракеталық сынақтарды тоқтататынын, полигондарды жабатынын хабарлаған.
АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттерде бұл хабарды "Солтүстік Корея үшін және бүкіл әлем үшін жағымды жаңалық" деп атап өтіп, Ким Чен Ынмен кездесуді асыға күтетінін жазды.
Бірақ көп сарапшылар Ким Чен Ын өзінің ядролық бағдарламасынан бас таратады дегенге сенбейді.
18 ақпанда АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры Майк Помпео Пхеньянда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен құпия түрде кездескені хабарланған. Помпео Пхеньянға АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы мамырдың соңы, я маусымның басында өтуі мүмкін саммитке дайындық аясында барған.
Алдағы аптада Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездеседі. Кездесу Корея түбегінің оңтүстік жағында болады. Ким Чен Ын 1953 жылдан бері Оңтүстік Корея аймағына енетін алғашқы Солтүстік Корея президенті болмақ.
Наурыздың соңында Ким Чен Ын Пекинде Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездескен.