25 ақп, 2026 сағат 10:52

Петропавлда жалған террорлық хабарлама таратқан жасөспірім ұсталды

 

Фото: ҚР ІІМ


Петропавл қаласында мектепке қарулы шабуыл жасалатыны туралы жалған ақпарат тарағаннан кейін тұрғындар арасында алаңдаушылық туындады. Алайда полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде анықтап, ұстады, деп хабарлайды Ult.kz.

 

Белгілі болғандай, жасөспірім Telegram желісінде арнайы арна ашып, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалатыны жөнінде хабарлама жариялаған. Сонымен қатар, қауіптің алдын алу сылтауымен ақша аударуды талап еткен.

 

Хабарлама жарияланғаннан кейін ол оны мессенджер арқылы оқушыларға да жіберген.

 

Полиция мәліметінше, кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін аталған білім беру мекемесінде оқыған. Өз әрекетін ол «әзілдегім келді» деп түсіндірген.

 

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.