Фото: Алматы әкімдігі
24 ақпан сағат 9:00-ден бастап Алматыда қар тоқтаусыз жауып жатыр. 25 ақпан сағат 11:00-дегі жағдай бойынша қалаға 22 см қар түсті. Бұл айлық норманың 56%-ы, деп хабарлайды Ult.kz Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Коммуналдық қызмет қар толассыз жауып жатқан кезде жолды толықтай құрғақ әрі таза күйде ұстау мүмкін емес екенін ескертті.
"Тазартылған аумақты қайтадан қар басады. Сондықтан коммуналдық қызметтің басты міндеті — көктайғақтың алдын алып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - дейді әкімдіктегілер.
Қазіргі күшейтілген режимде:
- — 75 жедел бригада
- — 4 000-нан астам жол қызметкері
- — 1 250 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.
- — магистральды көшелерде 203 аралас жол машинасы жұмылдырылған.
Негізгі көшелерде жолға көктайғаққа қарсы материалдар тұрақты түрде себіліп жатыр.
Түнгі уақытта техника барынша тиімді жұмыс істейді. Күндіз көліктің көптігіне байланысты тазалау жұмыстары күрделене түседі. Соған қарамастан жұмыс бір сәтке де тоқтаған жоқ.
