Фото: gov.kz
Елімізде су тасқыны бойынша нақты болжам 1 наурызда дайын болады. Бұл туралы 24 ақпанда Үкімет үйінде өткен баспасөз конференциясында Су ресурстары және ирригация вице-министр Нұрлан Алдамжаров Ult.kz тілшісінің сұрағына жауап беру кезінде айтты.Вице-министрдің сөзінше гидротехникалық құрылыстар бойынша барлық нысан су тасқыны кезеңіне дайын, қажетті тексерулер жүргізілгенін.
"Алда 1 наурызда «Қазгидромет» мекемесі нақты болжамды береді. Соған сәйкес ары қарай су қоймаларды реттейтін боламыз. Сондықтан біздің министрлік тарапынан алгоритмге сәйкес нақты жұмыстар атқарылуы керек", - деді ол.
Еске салсақ 2024 жылы еліміздің басым бөлігінде су тасқыны болып, өңірлер үлкен шығынға ұшыраған болатын. Тілшіміз Нұрлан Алдамжаровтан "су тасқыны болмайды деп кепілдік бере аласыздар ма?" деп сұраған еді:
"Мұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Бірақ 2024 жылғы су тасқынынан сабақ алдық. 2025 жылға қауіпті аймақтарды алдын ала анықтап, залалсыз өткізу үшін шара қабылдадық. 2026 жылғы тасқын кезеңінде де осы жоспармен жұмыс істейміз", - деп жауап берді вице-министр.
