23 ақп, 2026 сағат 13:30

Қызылжарда құс фабрикасының жұмысшысы ауыр жарақат алды


Фото: «Ақтау Агро» құс фабрикасы


Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Малое Белое ауылындағы құс фабрикасында жұмысшы өндірістік жарақат алды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


22 ақпанда "Адель құс" ЖШС-ның 38 жастағы қызметкерінің оң қолы жабдыққа қысылып қалған. Ол Петропавлдың көпсалалы қалалық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді.


"Еңбек қорғау ережесін бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.


Полиция қылмыстық іс қозғады.