Фото: ТЖМ
Алматыда Медеу ауданының Титов асуында 3400 метр биіктікте екі турист қар астында калып қойды, деп хабарлайды Ult.kz.
Қар құрсауында қалған туристің біруі өздігінше шығып кетті.
Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің 23-әмбебап құтқару бөлімшесінің құтқарушылары, “Барыс” қызметкерлері, кинологиялық жасақ пен еріктілер дереу жіберілді. Іздестіру-құтқару операциясы барысында ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
"Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қардың астынан қаза тапқан адамның денесі шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеді", – деп жазды төтенше жағдай департаменті.
