25 ақп, 2026 сағат 10:46

25 ақпанда елдегі қай жолдарда қозғалыс шектелді

 

 Фото: Baribar.kz


«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелді:


Жамбыл облысы


• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 159-214- шақырымы (Кенен ауылы – Қордай ауылы аралығы);

• осы автожолдың 159-238-шақырымы (Кенен ауылы – Қайнар ауылы аралығы).

 

Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.

 

Павлодар облысы

 

• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

 

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 25 ақпанда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.