Фото: ашық дереккөз
Алматыда LRT жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді, деп хабарлайды Ult.kz.
Құжатқа сәйкес, LRT депосы ЖЭО-2 учаскесінен шығысқа қарай Фариза Оңғарсынова, Мөңке би және Бауыржан Момышұлы көшелерінің аралығында орналасады.
Деподан басталатын жылдам рельсті көлік желісі Б.Момышұлы көшесімен оңтүстік бағытта Төле би көшесіне дейін, одан әрі Төле би көшесімен шығыс бағытта Абылай хан даңғылына дейін жалғасады.
Осы жерден маршрут солтүстікке қарай бұрылып, Абылай хан даңғылы арқылы Алматы-2 теміржол вокзалына дейін барады.
Соңғы аялдама «Райымбек батыр» көлік-ауысып отыру торабы аумағында орналасады. Бірінші желінің ұзындығы 17,893 км болады.
Еске салайық, Алматыда LRT салу бастамасы 2018 жылдан бері талқыланып келеді. Алғашқы жоба нұсқасында ұзындығы 22,7 шақырымды құрайтын екі бағытта 37 станция салу жоспарланған.
