25 ақп, 2026 сағат 15:57

Қарағандыда Су-30СМ жойғышы құлады: ұшқыштар аман

Фото:gov.kz

Бүгін Қарағанды облысы аумағында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәліметінше, экипаж мүшелері дер кезінде катапульт жасап, аман қалған.

«Ұшқыштар дін аман. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір медицина мамандарының бақылауында. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ», – делінген ресми хабарламада.


Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін министрліктің арнайы комиссиясы құрылды. Тергеуді ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Комиссия құрамына авиациялық қызметтің білікті мамандары тартылған.

Қазіргі уақытта апаттың нақты себебі анықталып жатыр.