27 мау, 2022 сағат 09:15

Нигерия азаматына тұрмысқа шыққан атыраулық келіншек ана атанды

instagram/5rochka

Былтыр күзде Нигерия азаматы Джессиге тұрмысқа шыққан Заида есімді Атырау тұрғыны ана атанды. Ерлі-зайыпты ұлды болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Заида Instagram-да жазды. Оның айтуынша, ол 23 маусымда босанған.

"Енді үшеу болдық... Менің туған күнім 23 мамыр, ал біздің сәбиіміз 23 маусымда дүниеге келді", - деп жазды Заида Instagram-парақшасында.

Заида сәбидің есімін де атады.

"Ал біздің отбасымыздың тұңғышын таныстырып өтейік - Ануар Айдын Жексенұлы. Onuora Ayden (Онуора Эйден). 23.06.2022. Афроқазақ", - деп жазды ол.

Желі қолданушылар жұпты қуанышымен құттықтап, сәбиге денсаулық тілеп жатыр.