07 ақп, 2017 сағат 09:42

Мұxамедиұлы театрлар мен музейлерді тегін етуді жоспарлап отыр

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттырудың әдісін Үкіметке ұсынды, - деп xабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, әр айда бір мәрте музейлер, жылына төрт рет театрлар xалық үшін тегін болады.

"Халықтың мәдениет нысандарына қолжетімділігінің тәжірибесін енгізу. Әр айдың үшінші жексенбісінде музейлерге және жылына төрт рет театрларға, олар: дүниежүзілік Театр күні, 27 наурызда, Балаларды қорғау күні, Тәуелсіздік күнінде тегін баруды қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ мектеп демалыстары шеңберінде оқушылар үшін театрлар мен музейлерге тегін бару ұсынылады. Нәтижесінде жылдың аяғына дейін аталған мәдениет нысандарына бару көрсеткіші 45 пайызға дейін жететін болады", - деп атап өтті министр Үкімет отырысында.