1212 жылы салынған Шыңғысханның «Чинхай» әскери бекінісінің орны табылды. Бұл туралы 27 наурызда болған баспасөз мәслихатында моңғол-жапондық бірлескен экспедициясының «Писания» зерттеу тобы мәлімдеген, Gogo порталына сілтеме жасаған Сa-news.org. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Сa-news.org хабарлауынша, бұл бекіністің Говь-Алтай аймағындағы Шаргада, нақтырақ Халзан Ширэг жерінде орналасқаны атап өтілген.
Сонымен бірге қыркүйекте жүргізілген қазба жұмысынан кейін осы жерден 13-ші ғасырға жататын құдай мүсінінің сынықтары табылған.