08 мам, 2023 сағат 13:12

Маңғыстау облысында сәбиді сатқан күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

Маңғыстаулық полицейлер жаңа туған нәрестені саудалау дерегін анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"4 мамырда сағат 13:00 шамасында Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады.

Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды" - делінген хабарламада.

Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.