29 шіл, 2022 сағат 10:38

Қызын ертіп жүрген: Алматыда балалар арбасын ұрлап келген әйел ұсталды

Фото: polisia.kz

Алматылық әйел қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Алматыда 25 жастағы әйел бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберістерінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлап жүрген.

"Бейнебақылау камераларынан әйел қызының көзінше еш қымсынбастан бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Қазір азамат А-ның бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша сегіз жағдайға қатысы бары дәлелденді", - деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Полиция әйелдің осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Соталды тергеу шаралары ҚР ҚК-ның 188-бабы 2-бөлігі бойынша қаралады.