Фото: Қырғызстанның МҰҚК баспасөз орталығынан
Қырғызстанда ұсталған қазақстандыққа қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өткен жылдың 2 қарашасында Алматы облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 10-нан астам ұрлық жасағаны үшін облыстың 32 жастағы тұрғынына халықаралық іздеу жариялаған.
"Биыл 2 мамырда Бішкек қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қырғыз Республикасы полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылы кезінде ҚР ҰҚКК-мен бірлесіп күдікті ұсталды.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр қыркүйек айында ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 188-бабының 4-бөлігі "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Қазір күдікті заңда белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Экстрадиция мәселесі шешіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр" - делінген хабарламада.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.