Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ұлт порталы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамын назарларыңызға ұсынады:
1. Асқар Ұзақбайұлы Мамин - Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
2. Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
3. Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
4. Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
5. Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
6. Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
7. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
8. Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
9. Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
10. Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
11. Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
12. Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
13. Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі;
14. Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
15. Руслан Ерболатұлы Дәленов – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
16. Скляр Роман Васильевич – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
17. Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
18. Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.