17 нау, 2026 сағат 17:19

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Наурыз мерекесіне орай алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау шарасы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше мерекелік іс-шара 18 наурыз күні сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Жаппай сырғанау Алматы Арена, Халық Арена және Олимпик мұз аренасы алаңдарында бір мезетте ұйымдастырылмақ.

Іс-шараның басты ерекшелігі – қатысушылардың ұлттық киіммен келуі. Ұйымдастырушылар бұл бастама арқылы қазақтың дәстүрлі мәдениетін дәріптеп, мерекелік көңіл күйді арттыруды көздейді.

Келушілер конькиді өздерімен бірге алып келуге немесе мұз айдындарында жалға ала алады.

Ұйымдастырушылар алматылықтарды бұл кешті отбасы және достарымен бірге өткізіп, ерекше атмосферада Наурыз мейрамын қарсы алуға шақырды.