Фото: Gov.kz
Наурыз мейрамында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы бұл күндер:
21 наурыз — сенбі;
22 наурыз — жексенбі;
23 наурыз — дүйсенбі.
Мерекелік күндердің бір бөлігі демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Демалыс кестесі:
бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз аралығы — қатарынан бес күн демалыс (сенбі–сәрсенбі);
алты күндік жұмыс аптасында: 21–24 наурыз — демалыс күндері, 25 наурыз — жұмыс күні.
