Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Қостанайда синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"5 мамырда Қостанай облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен Қостанай облысы Полиция департаменті қызметкерлері бірлескен операциясының нәтижесінде синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды.
Қазір осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді" - делінген хабарламада.