29 мау, 2022 сағат 10:39

Қазақстанның этникалық құрамы туралы мәлімет жарияланды


Қазақстан тұрғындарының этникалық құрамы туралы деректер жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы жобасын жариялады. Құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы деректер көрсетілген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адам болған, оның ішінде ең көп пайызы:

  • қазақтар - 69,03 пайыз;
  • орыстар - 18,47 пайыз;
  • өзбектер - 3,29 пайыз;
  • ұйғырлар - 1,5 пайыз;
  • украиндар - 1,3 пайыз;
  • татарлар - 1,06 пайыз;
  • немістер - 0,92 пайыз;
  • түріктер - 0,61 пайыз;
  • корейлер - 0,57 пайыз;
  • әзербайжандар - 0,61 пайыз;
  • дүнгендер - 0,40 пайыз;
  • белорустар - 0,26 пайыз;
  • тәжіктер - 0,27 пайыз;
  • күрдтер - 0,25 пайыз;
  • шешендер - 0,18 пайыз;
  • поляктар - 0,15 пайыз;
  • башқұрттар - 0,09 пайыз;
  • басқа этнос өкілдері - 1,04 пайыз.

Жалпы, 2018-2020 жылдарға арналған халық санының статистикасы ел тұрғындарының тұрақты өсу тенденциясын көрсететіні айтылған. Соңғы үш жылда Қазақстан халқының саны 2,6 пайызға өсті.