16 мам, 2023 сағат 14:15

Қазақстанға 220 смартфонды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Фото: ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметі

Қазақстанға 50 миллион теңгенің смартфондарын заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 мамырда ҰҚК шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қордай" өткізу пунктінде Қазақстанға келе жатқан ҚР азаматы тізгіндеген жолаушылар микроавтобусын тоқтатқан.

"Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы - 50 миллион теңге шамасында", - делінген хабарламада.

Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.