Өзбекстанның полиция қызметкерлері Самарқандта қазақстандық туристерге күш қолданғаны үшін жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі УзА басылымына сілтеме жасап.
"Екі қызметкер полициядан кетті, прокуратура оларға қатысты қылмыстық іс қозғады", - делінген хабарламада.
Экс-полицейлер Өзбекстан ҚК-нің 206-бабының 1-бөлігі (Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша тергеліп жатыр.