05 там, 2022 сағат 08:40

Қазақстанда тағы 2 579 адам коронавирус жұқтырған


Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2579 адам анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 362 647-ге жетті. 

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 733,
  • Алматы қаласында - 430,
  • Шымкент қаласында – 29,
  • Ақмола облысында – 104,
  • Ақтөбе облысында – 52,
  • Алматы облысында - 50,
  • Жетісу облысында - 100,
  • Атырау облысында - 46,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 21,
  • Абай облысында - 38,
  • Жамбыл облысында - 53,
  • Батыс Қазақстан облысында - 112,
  • Қарағанды облысында - 375,
  • Ұлытау облысында - 80,
  • Қостанай облысында - 93,
  • Қызылорда облысында - 42,
  • Маңғыстау облысында - 52,
  • Павлодар облысында - 95,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 58,
  • Түркістан облысында - 16. 

Сондай-ақ, 5 тамыздағы мәлімет бойынша, 28 531 адам коронавирус инфекциясынан (–28 247+ және 284 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 27 065 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

37 адамның жағдайы ауыр,

8 пациенттің жағдайы өте ауыр,

3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.