23 қаз, 2023 сағат 13:31

Қазақстанда күн күрт суытады

Фото: elements.envato.com

Синоптиктер 24-26 қазанда ауа райы қандай болатынына болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, атмосфералық фронттардың бірнеше жүйесі бар терең және белсенді Солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындап келе жатқанын еске салады. Кезең ішінде жел, көктайғақ құбылыстары, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын бар ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Барикалық алқаптардың тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температураның қысқа мерзімді жоғарылауына әкеледі, алайда кезеңнің соңында Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында күннің салқындауына әкеледі. Мәселен, республиканың батысында түнде температура 6 аяз градус - 3 градус жылыға дейін, солтүстік-батыста 0 градус және 7 градус аязға дейін төмендейді, ал елімідің солтүстігінде 5 градус аяз - 5 шрадус жылы күтіледі", - делінген хабарламада.