Фото: Uralskweek.kz
Синоптиктер 26-28 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар болжамына сәйкес, циклон әсері Қазақстанның барлық аумағында сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ құбылыстары, тұман мен бұрқасын болады және жел секундына 15-28 метрге күшейеді. 26 желтоқсанда солтүстік облыстарда өте қатты жел тұрады – секундына 30 метр және одан да көп.
"Ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді", - делінген хабарламада.