Фото. wirestock/Freepik
Синоптиктер 21-23 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
"22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел (15-28 м/с) күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі.
Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасы 2-12 градус аязға дейін төмендейді деп болжанса, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 градус аяздан 0-5 градус жылуға дейін көтерілуі күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды", - делінген хабарламада.